Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 8 баламен далада қалған ана “алаяқ” болып шықты

Қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа көмек сұрап жүрген 8 баланың анасы Толқынай Нәметқұлова “алаяқ” болып шықты.

5

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Толқынай Нәметқұлова 8 баланың анасы ретінде дүйім жұртқа танымал. Өйткені, ол осы уақытқа дейін көк жәшік арқылы талай мәрте көпшіліктен көмек сұраған болатын. Жағдайы нашар жанұяның жай-күйін көрген Бақыт есімді әйел 15-ші шілдеден бастап оларға уақытша баспана беріп, тіпті тегін тұрғызған көрінеді. Ал, араға бір жарым ай салып, мейірімді қожайынның мінезі өзгеріп шыға келген.

10

“Бұл жерге бізді бекер әкелді. Шақырмағаны дұрыс еді. Енді су мен жарыққа ай сайын бес мың теңге төлеңдер деп ақша сұрап отыр. Бомждар, сығандар деп біздің ар-намысымызға тиді”, – дейді көп балалы ана.

9

Иә, бүгінде бұл отбасы далада тұрып жатыр. Бес күн бойы дәл осы жерде түнеп жүргендерін айтады. Қос тараптың пікірімен санасқан Stan.kz тілшісі қожайынмен де жүздесіп қайтты. Алайда, өзін Бақыт деп таныстырған үй иесінің өз ақиқаты бар.

8

“Осыдан бірнеше күн бұрын арақ ішіп, алқаштарды жинап алған. Балалар тұра берсін, бірақ мына еркектерді кіргізбеймін деп айттым. Ал, әкесі болса, менің достарымды кіргізбесеңіз, біз далада тұра береміз, біз далада тұрып үйренгенбіз”, – деп қожайынға қоқан-лоққы көрсеткен.

10

Қожайынның сөзіне сенсек, отағасы ащы суға құмар әрі осы уақытқа дейін 4 мәрте сотталған болып шықты. Ал, бұл жанұяға қолдау көрсеткен Бақыт, көп балалы анаға «алаяқ» деп баға беріп отыр.

1

2

“Бұлар аянышты болып теледидарға түсіп, жан-жақтан азық-түлік жинауды әдетке айналдырған. Соның барлығын үйде жатып ішуде. Сондай-ақ, қайнысы бар, күйеуінің жолдасымын деп тағы бір еркек келеді. Сонымен, 8 балаға берген азық-түлікті 3-4 еркек осы жерде жеп жатыр”, – дейді жағдайы мүшкіл жанұяға қол ұшын берген Бақыт есімді қожайыны.

4

3

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше сағат бұрын әнші Әбдіжаппар Әлқожа аталған отбасыға көмек көрсетуге шақырған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда 70 такси халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр

Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

Талқылау