Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда 70 такси халыққа тегін қызмет көрсетіп жатыр

Талдықорғанда Қасиетті Құрбан айт мерекесінде қала халқын 70 такси тегін тасымалдап жүр. Мұнымен қатар, бұл діни мейрам ұлттық ойындармен ұласып, жетісулық жамағат ат жарыстырып, балуан күрестіріп, арқан тартысып көңіл көтереді.

taxi-moscow

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

70 такси таң сәріден сағат жетідегі айт намазға халықты тегін тасымалдады. Негізгі назар үлкен қарияларға аударылды. Көлік жүргізушілері осылайша халықтан ақшаның орнына бата сұрады.

Ертай Қабанбаев  бірнеше жылдан бері Ораза және Құрбан айт мерекелерінде тегін такси қызметін ұсынып келеді. Көлігін тізгіндеп, көшеде қол көтерген ағайынның бәріне тоқтайды. Жүргізушілердің бұл бастамасына қоғамдық көлік иелері де қосылды.

“Осы мешітке келуші жастарымыз тек намазын ғана оқып кетіп жатқан жоқ. Сонымен қатар, қандай бір мереке болса да, өте жоғары деңгейде белсенділігін көрсетіп жатыр. Бір-біріне қайырымдылықтарын ізеттерін көрсетіп, қайтсем ізгілік жасаймын, мен қандай бір жақсылық жасасам болады еліме халқыма деген өздерінің талпыныстары жүздерінде айқын көрініп тұр”,- дейді Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Ырымханұлы.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы әуежайында жолаушының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды

Қарағандыда мысықты тірідей өртеген адам іздестірілуде

Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

11 жасар бала кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды

Талқылау