Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

11 жасар бала кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды

11 жасар Ақжол Сансызбай жасөспірім кішкентай қызды педофилден құтқарып қалды. Ол «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицері, запастағы подполковник Нұрмахан Нұрмановтың ұлы болып шықты.

20170831183137

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқыс оқиға 27 тамызда шамамен сағат 15.30-да болған. Серуендеп жүрген бала үлкен ер азаматтың кішкентай қызды құрылыс алаңына сүйреп бара жатқанын байқап қалған. Осы сәтте Ақжол шошып қалғанына қарамастан, оқиғаға басқа үлкендердің назарын аударып үлгерді. Осылайша қаскүнем 15 минуттан кейін ұсталды. Ол 1995 жылғы Ақтөбе қаласының тумасы болып шықты. Қазір ол уақытша тергеу оқшаулағышына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

29 тамыз күні Ақжол Сансызбай Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне шақыртылып, құрмет грамотасымен марапатталды. Мұнымен қатар, оған ноутбук және ерлігі үшін ерекшелеу белгісі табысталды. «Ақжол кішкентай кезінен белсенді, қайырымды әрі зерек болып өсті. Алайда, мұндай ерлікті мен өз ұлымнан күткен жоқпын», – деді Ақжолдың әкесі Нұрмахан Нұрманов. Офицердің ұлы, педофилдің құрбаны бола жаздаған қыздың орнында жақындары немесе таныс адамдарының бірі болуы мүмкін екендігін айтты. «Мен еліміздің  үлкен-кіші азаматтарының барлығын өзінің азаматтық борышын ұмытпауға шақырамын», – дейді Ақжол.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда шахтадан шыға алмай көз жұмған кеншілер өмірлері үшін соңына дейін күрескені анықталды

ҚР жаңа Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Елбасы сот жүйесі туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Еліміздің жеті облысына жаңадан прокурорлар тағайындалды

Талқылау