Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 17 жастағы қызды жездесі зорлап өлтірген

Алматы облысы Қарасай ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен 11-ші сыныпта оқитын қыздың өлі денесі табылды. Қаскөйдің жеке тұлғасын анықтаған тәртіп сақшылары 35 жастағы күдіктіні ұстады,-деп жазды 31 арна.

қыззз

Айуандық әрекеттің құрбаны болған өрімдей жас қыздың қандай жағдайда көз жұмғанын көршілері де, жақын маңдағылар да білмеген. Бұған дейін қайтыс болған қыз бен күдікті туыс болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Дәл Алматы іргесіндегі “Асыл арман” кешенінен маза қашқан. 19-үйдің алдында қаптаған полицей. Екі күн бұрын алтыншы қабаттағы пәтерлердің бірінен жас қыздың өлі денесі табылған. Жақындары мен өз өмірлері үшін алаңдаған тұрғындар сұмдық оқиғадан кейін сескеніп қалған.

Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі пәтерді жалдап тұрады. Қабырға жұқа, барлық дыбыс естіледі деп шағымданатын тұрғындарға сол күні ештеңе естілмеген.

«Біздің үйде келесі пәтердегі адамдардың даусы анық естіледі. Біз тоғызыншы қабатта тұрамыз. Алтыншы қабатта тұратын көршілер де сол күні ештеңе естімепті»,-дейі “Асыл арман” ТК тұрғыны айнұр.

Оқиға болған 19-үйдің тұрғындары дәл осы жайттан бейхабар болып шықты. Олардың айтуынша, алтыншы қабаттағы қайғылы жағдай болған пәтерде әлдекімдер жалдап тұрған. Бірақ тұрғындар дәл сол күні ешқандай айқай-шуды, көмек сұраған адамның даусын естімедік дейді.

Куәгерлердің айтуынша, бұл пәтерде кімдердің тұратынын, қайтыс болған қыздың кім екенін ешкім білмейді. Алдын ала ақпарат бойынша 2000 жылы туған қыз туыстарына көктемгі демалысқа келген.

«Жергілікті тұрғын, 1982 жылғы азамат адам өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Қазір ол Қарасай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, тергеу амалдары жалғастырылуда»,-дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Айман мырзекова.

Қамауға алынған күдіктінің зорлау дерегіне қатысы бар жоғын анықтайтын қосымша сараптамалар да тағайындалған. Нақтыланбаған ақпарат бойынша қыз өз жездесінің қолынан қаза болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Актер Азамат Сатыбалды жеке театрын ашты

Сот Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қараудан бас тартты

Үш мәрте тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекова қызды болуды армандап жүр

Ашуланған Сиви Махмуди әнші Ринат Баситовтың қымбат көлігінің терезесін шағып тастады (видео)

Талқылау