Алматыда адам өлтіріп, бопсалап және адам ұрлағаны үшін полиция полковнигі тұтқындалды
Аматы қаласында тағы бір лауазымды тұлға ұсталды. Әуезов ауданының Ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Бахыт Қасабеков ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен қолға түсті.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бірнеше жылдан бері аудандық полиция бөлімін басқарып келген Қасабековке қылмыс әлемінің серкелеріне қолдау көрсетіп, олардың заңға қайшы жасалған әрекеттеріне көз жұмып келді деген айып тағылып отыр.


Бас аяғы 20 адамнан тұратын қылмыстық топтың бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Полиция полковнигін Бас Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолға түсіріп отыр.


Бұдан бұрын ол Медеу аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған болатын. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті