Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тағы бір полиция қызметкері көз жұмды

Алматы ауруханасында полицейлерге қарсы болған теракт кезінде жараланғандардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Безымянный

 

“Бүгін сағат 13.45-те 1986 жылы 25-ші шілдеде туған жол-патрулдік полициясының полиция лейтенанты, мамандандырылған батальон қызметінің аға инспекторы Тимур Бегасылов аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды”, – делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше ол қызметін Абылай хан даңғылы бойында атқарып тұрған. Шабуылдаушы қылмыскерің қарсы әрекетінен тәртіп сақшысы ауыр жарақат алған.

“Полицей ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті”, – делінген ІІД хабарламасында.

Полиция лейтенанты Бегасылов ішкі істер органдарында 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қызмет еткен.

Бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңдаауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау