Алматыда жараланған төрт адам ауыр халде жатыр

Алматыдағы атыс шабуылы кезінде жараланған төрт адамның жағдайы әлі де болса ауыр күйде қала беруде. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургы Нұржан Исабеков хабарлады.

IMG_20150922_121106

Фото: bnews.kz

“Қазіргі таңда Алматы клиникасында 7 адам ем қабылдауда. Бес адам жедел жәрдем ауруханасында, екеуі – Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатыр. Жедел жәрдем ауруханасындағы 5 емделуші – жансақтау бөлімінде, үшеуінің жағдайы өте ауыр, екеуі жансақтау бөлімінде жағдайлары тұрақты ауыр болып тұр. Орталық клиникалық ауруханадағы 1 адамның жағдайы ауыр, біреуінікі тұрақты ауыр жағдайда”, – деді Нұржан Исабеков сейсенбі күнгі брифингте.

Оның сөзінше, барлық зардап шеккендер оқ тиіп жарақаттанған. Ол сондай-ақ, ұсталған күдіктінің ғылыми зерттеу институты хирургиясынан тергеу изоляторына ауыстырылғанын да айтты.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр