Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар мәйітханалардың алдын жақындарының денесін ала алмай торуылдап жүр

Алматыда марқұм туыстарының денесін ала алмай жүрген адамдар №7 аурухана маңына жақын орналасқан мәйітхана есігін бірнеше күннен бері торуылдап жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

Мәселен, Әсел есімді әйел күні кеше туған әпкесінің пневмониядан қайтыс болғанын айтты. 

"Кеше оны осында алып келдік, тарихы болмады. Тарихты алып келдік, енді алып кетуді күтіп отырмыз. Кезек көп, ешкім шығып, түсіндіріп жатқан жоқ. Бәрін өзіміз істеп жатырмыз", - деді ол.

Айтуынша, 65 жастағы туысының тірі қалуға мүмкіндігі бар еді, жедел жәрдемнің жауапсыздығы болмаса. 

"Жедел жәрдем алып кетпеді, тек ауыр жағдайда болғанда ғана алып кетті, дем ала алмаған кезде. Болмаса, ол күніге жедел жәрдем шақырды. 65 жаста, ол қауіп аймағында еді, жедел жәрдем алып кетпеді. Ол тұншыға бастаған кезде алып кетті, №1 ауруханаға әкелді, оны қабылдамады", - деді Әсел.

Мәйітхананы торуылдаған халықтың мұңы мұнымен шектелмейді. Көпшілікті мәйітхана қызметкерлерінің салғырттығы да ашуландырды.

"Айқай-шу болып жатыр мына жерде, соны дұрыс, есептеп жасауға болар еді ғой. Мысалы, сағат 9:00-де алатын адам, міне сағат 16:00 болды. Кезекті ауыстырып жатыр. Біреулер 3 күн болды әкесін таба алмай жатыр, біреуі тірі дейді, біреуі жоқ кезек парағында дейді, сол неше түрлі нұсқаларды айтып жатыр. Бұл енді дұрыс емес қой, тәртіп керек. Адамның бейітін қазіп, жерлеу керек. Қаншама туысқаны жан-жақтан келіп жатыр", - деді қала тұрғыны Сейітхан Тотаев.

Бұл ретте өлім құшқандардың диагнозы әртүрлі. 

"Құрметті қала тұрғындары! Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Дүрбелең марқұмның артынан екіден он адамға дейін келуіне байланысты туындап жатыр. Шынында да, эмоциямен жақынынан айрылу салдарынан бюроның қақпасының алдында толқулар, дүрбелең бар", - делінген денсаулық сақтау басқармасының директоры Бақытжан Әлібековтің хабарламасында.

Барлық денелер қалалық патологоанатомиялық бюроға түскеннен кейін 12 сағат ішінде беріледі, деп хабарлады басқармадағылар.

"Бұл ұйымға медициналық мекеме өлімнің себептерін анықтау және қайтыс болған адамның шынайы деректерін қамтамасыз ету үшін денені жібереді. Бұл қосымша уақытты талап етеді", - делінген хабарламада.

Талқылау