Алматылықтар коммуналдық қызмет үшін неге артық төлейді, Сағынтаев анықтады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Facebook-те қаладағы коммуналдық қызметтер мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұрғын үй қорын ұстау мәселесін қарадық. Шешу қажет өзекті мәселе -қаланың барлық аудандарында иесіз коммуналдық желілердің болуы. Бұл мәселедегі кейбір мәселенің шешілмеу салдарынан тұрғындар су, жарық, жылу тарифтеріне қосымша ақы төлеуге мәжбүр.
Сондықтан Масабаевқа (энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы) жыл соңына дейін "Алматы Су", "Алматы жылу желілері", "Алатау Жарық Компаниясы" теңгеріміне барлық иесіз желілерді беруді тапсырды.
Қала тұрғындары келіспейтіндіктен, ал кейбір жерлерде қалалық қызметтердің әрекетсіздігі салдарынан зардап шекпеуі керек",-делінген жарияланымда.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"