Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар "Алтын-Орда" базарының иісіне шағымдануда

Алматылықтар "Алтын Орда" базарына шағымдар түсіруде. Айтуларынша, автобус тұрағының қолайсыздығымен қоса жақын орналасқан ет сататын жердің жағымсыз иісі күннің ыстығында қолайсыздық тудыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Тұрғындар автобустардың жол бойында қоршаусыз тұрып алатынына, ал жөнелтілу кезінде тіптен қарбалас болатынына шағымданды. Сонымен қатар базарға келушілер автовокзал маңындағы өткір иіс туралы шағымданады. Әсіресе күннің ысуына байланысты жағымсыз иіс күшейе түскен.

"Алтын Орда" автостанциясында түрлі иістердің қанық қоспасы бар. Автобус паркінің бір жағында ашық көтерме ет базары, екінші жағында сою пункті орналасқан. 

“Олар мұнда ет пен тартылған ет сатады. Иістері болғандықтан ол жерге барудың өзі жағымсыз”,- деді тұрғын Владимир Ремез.

“Осы маңайда тұратындықтан бұл жерлерден жиі өтемін. Кейде күндіз білінбеуі мүмкін, алайда кешке қарай бұл иістер одан сайын жайылады”,- деді тағы бір тұрғын Денис Бочкаров. 



Жергілікті билік Алматы мен облыс тұрғындарының мұң-мұқтажын біліп отыр. Олардың айтуынша, базар басшылығы проблемаларды шеше бастаған.

“Бізге 50 АЕК, жалпы көлемде 100 АЕК әкімшілік айыппұлдар төленетін болады. Бұл айыппұл сомасы бюджетке түседі. Анықтамада көрсетілген бірқатар құқық бұзушылықтарды нарық әкімшілігі жояды”, –  деді  Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Аман Шалғымбаев.

Қазір базарда мал сою пункті қоршалып, автокөліктерге тосқауыл қойылған. Бірақ иістің жойылып, ет нүктелерінің санитарлық нормаларға қашан келтірілетіні белгісіз.

Талқылау