Алматылық жастар карантинге қарамастан Көкжайлауда сауық кешін ұйымдастырған

Алматылық жастардың қаладағы карантин режиміне қарамастан Көк-Жайлау шатқалында сауық кешін ұйымдастырғаны белігілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

киноночь

24 мамыр күні қала тұрғындары ашық аспан астында кино көру кешін ұйымдастырған. Қазіргі таңда ереже бұзған ұйымдастырушылар іздестірілуде екен.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, сауық кешіне қатысқандардың біріне 100 АЕК көлемінде (277 800 теңге) айыппұл тағайындалған. Айыппұл арқалаған жігіт өзінің көлігінің алдында тұрып, суретке түсіпті. 

"Іле Алатауы ұлттық паркінің инспекторлары жүргізушіні ҚР ӘқбК 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тартып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды", - делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса Іле Алатауы ұлттық паркіне кіреберісте 8 экологиялық пост орнатылған екен. 

«Карантин режимінің алынбағанына байланысты Алматыда 8 экологиялық пост арқылы Іле Алатауы ұлттық паркі территориясына өтуге тыйым салынған. Алайда, Ұлттық парк аумағы үлкен болғандықтан, адамдар Просвещенец, Горельник, Аққайың, Кімасар асулары арқылы да келеді. Бұл жолдарды ұлттық парк қызметкерлері бақылай алмайды», - деп қосты министрліктің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынған болатын. Десек те еліміздің аумағында карантин шаралары әлі де жалғасуда. 

 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр