Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық тұрғын әйелі мен сәбиін ертіп, қарақшылық шабуыл жасаған

Алматы облысында ересектердің кеткенін күтіп 14 жастағы оқушы қыз ғана қалған үйге шабуыл жасаған күдікті ұсталды. 45 жастағы ер адам жалдамалы көлікпен жеке тасымалдаумен айналысқан жергілікті такси жүргізушісі болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарақшылық әрекет Талғар ауданындағы Қарабұлақ ауылында болған. Үйде жалғыз болған 14 жастағы қыздың қылмыскер қол-аяғын байлап тастаған.

Шабуыл жасаушы олжа ретінде 50 патроны бар аңшылық қаруды алып кеткен.

Полицейлер күдіктіні, бұрын сотталған көршілес Белбұлақ ауылының тұрғыны екенін анықтады. 45 жастағы ер адам жалдамалы көлікпен жеке тасымалдаумен айналысқан жергілікті такси жүргізушісі болып шықты.



"Ата-анасының үйінен рұқсат етілген тінту жұмыстары кезінде бұрын қолды болған қару-жарақ табылды. Күдікті қылмысын мойындап, өзінің қарызға белшеден батып кеткенін, сол себепті қылмысқа барғанын айтып ақталған", - деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті.

Полицейлер сондай-ақ қарулы тонау кезінде ер адамды сыртта қолында сәбиі бар әйелі күтіп тұрғанын атап өтті. Қазір полицейлер әйелдің де қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.

"Тергеу Қылмыстық кодекстің 192-бабы (Тонау) және 291-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша жүргізілуде", - деп қосты полиция.

Талқылау