Атырауда нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан қыздың күйеуіне шабуыл жасалды
Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан Атыраулық Зайда Жаңабаеваның күйеуі Джессиге жергілікті азаматтар шабуыл жасаған. Әйел болған оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Atyrauoil.offical” парақшасына сілтеме жасап.

Бейнежазбадағы кадрлар бойынша ер адамдардың бұл жұпқа қарсылық танытып агрессивті қарағаны байқалады. Олардың шабуылынан соң қыз қоқып кетіп айқайлағаны бейнеленген.
Қалалық полиция департаменті арыз түспегенін мәлімдеді. Алайда болған оқиға бойынша құқық бұзушылардың әлі де іздестіріліп жатқандығын хабарлады.
Еске салсақ бұл жұптың үйлену тойы желіні таңдандырып, елде ұзақ талқыға түскен болатын.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан