Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда көшеде әйелдерді ұрған ер адам тұтқындалды

Қарағанды қаласында ер адам жалғыз жүрген әйелдерді ұрып, жасырынып қалған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

"16 наурызда Қарағанды полиция басқармасына 14 жастағы қызға ер адамның шабуыл жасағаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қарағанды полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді", – делінген Қарағанды полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Зардап шеккен қыз мектепке бара жатқанында белгісіз адам артқы жағынан келіп, шабуыл жасағанын айтқан. Ол оқушыны ұрып жасырынып қалған. 

"Жеке жедел-тергеу тобы құрылды. Іздестіру шаралары нәтижесінде 30 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу кезінде оның тағы да үш әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол Қарағандыға келіп, көшеде жалғыз жүрген әйелдерді аңдыған. Кейін ұрып, жасырынып қалған. Алайда зардап шеккен әйелдердің заттарын ұрламаған", – дейді полиция департаменті басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Талқылау