Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел кездейсоқ "Чехия азаматы" екенін біліп, жәрдемақыдан қағылды

Алматы тұрғыны Ирина Щетникова мәліметтер базасындағы қателікке байланысты Чехия азаматы болып шықты. Осылайша ол карантин кезінде 42 500 теңге жәрдемақы алу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

42500

59 жастағы фитнес-клуб қызметкері Ирина Щетникова сәуір айында Алматыдағы ХҚКО ғимаратына барған. Жұмыс орнының жабылуына байланысты, ол 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтініш рәсімдемек болған. Алайда ХҚО қызметкерлері оған әйел ұзақ уақыт бойы өзге елдің азаматы болғандықтан, жәрдемақы тағайындай алмайтынын айтқан.

"Олар менің ЖСН-ім олардың базасында жоқ екенін айтты. Олардың айтуынша, 2014 жылы мен Чехияға көшіп, сол жерде жергілікті азаматтық алыппын. Мен қатты таңқалдым, өйткені, тіпті осы жылды қоса алғанда, менің жалақымнан ай сайын салықтар мен зейнетақы аударымдары ұсталып тұрады. Сенімді болу үшін барып, өзімнің зейнетақы жинақтарымды тексердім. Онда бәрі орнында болды. Содан кейін жүгіре бастадым, өтініш жаза бастадым, оларға әртүрлі анықтамалар әкелдім. Ақыры жазда шешілді", - деді Щетникова.

Оның айтуынша, ол жазғы карантин кезеңінде табысынан айрылуына байланысты төлемдерді ала алды. Алайда ол көктемдегі карантин кезінде берілген жәрдемақыны ала алмай жүр.

"Маусым айынан бастап жүгіріп, дұрыстадым. Менің деректерімді түзеткен кезде, өз пәтерімде тіркелмегенім белгілі болды. Егер пәтер маған тиесілі болса, бұл қалай болуы мүмкін. Бұл адамдар жылжымайтын мүлікке ие болып, ал өздері шетелде тіркелген жағдайда болуы мүмкін. Нәтижесінде мені қайтадан тіркеді. Келесі жылы мен зейнетке шығамын, қазір қате шықты. Егер сол кезде болғанда, мен бірнеше ай бойы зейнетақымды ала алмас едім. Олардың қателіктеріне байланысты жүгіруге және дәлелдеуге тура келеді", - деді ол.

"Қазіргі уақытта мен көктемгі карантин үшін төлем құжаттарын тапсырдым. Бірақ нәтиже қашан шығатынын нақты айта алмаймын. Мен 1 желтоқсанға дейін карантин бойынша жәрдемақы алып үлгермеймін бе деп қорқамын. Өйткені төлемдер сол уақытта тоқтатылатынын айтты", - деп қосты әйел.

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Щетникованың басынан өткен оқиға бойынша маусым айында тексеру жүргізілгенін мәлімдеді. Оның нәтижесі бойынша қалалық полиция департаментінде алматылық полицейлердің деректері ретке келтірілді.

"Қазақстан азаматының тұрғылықты жері бойынша тіркеу және жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер деректер базасына сәйкестендіріліп, өзектендірілді. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдіктің құзыретіне жатады. Осыған байланысты төлемдерді қалпына келтіру үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға жүгінуді ұсынамыз", - деп хабарлады ведомствода.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр