Алматыда жоғары оқу орны, колледж бен мектептерде сабақ тоқтатылды
Жоғары білім және ғылым министрлігі Алматыда студенттер мен оқушыларға оқу орындарында екінші ауысымдағы сабақ тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Алматыда жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылды”, – деп хабарлады жоғары білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы.
Ректоратқа жоғарғы оқу орны мен жатақханаларда кезекшіні тағайындап қою тапсырылды.
Балабақша әкімшілігі ата-аналарға қалауына қарай, балаларды балабақшадан алып кете алатынын хабарлады.
Ал Алматы облысының білім басқармасы жоғарғы оқу орны, колледж бен мектептерде екінші ауысымдағы сабақ толық тоқтатылғанын хабарлады.
Айта кетейік, Алматыда тағы да жер сілкінді. Алматы облысында зілзала қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған.
Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік