Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жер асты дүмпулері кезінде бес ұшақ қонбақ болды: Бірі Түркістанға ұшып кетті

Алматыда жер сілкінісі кезінде бес ұшақ қонбақ болып, оның бірі Түркістанға бет алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 ұшақ

Көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті әуе қозғалысында жер дүмпуі сезілгенін айтты.

"23 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:10-да Алматыда жер сілкінісі болды. Ол әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің "мұнарасында" айтарлықтай сезілді. Әуеайлақта қонуға бет алған бес әуе кемесі болды. Оның біреуі қонды, төрт ұшаққа жер сілкінісі туралы хабар беріліп, әуе кемесі әуеайлақ аймағында күтті", – делінген хабарламада.

Осы әрекеттерден кейін аэродромды басқару орталығының ұшу директоры мұнараны эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

"20 минут бойы аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысы болмаған. Жер асты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы диспетчерлер ауысқаннан кейін қайтадан жұмысын бастады. Радиожабдықтардың, метеорологиялық жабдықтардың жұмысы және аэродром беттерінің жай-күйі туралы есептер қабылданды. Қонбақ болған төрт ұшақтың үшеуі қонды. Ал Астана-Алматы бағыты бойынша КС-856 рейсін жасаған Air Astana ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына аттанды", – делінген ведомоствосында.

Сағат 00:39-дан бастап әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. КС-856 рейсі балама аэродромға ұшып, Түркістаннан сағат 2:32-де ұшып, Алматыға шамамен 3:34-те қонды. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет етті.

Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілгені айтылды. 

Талқылау