Алматыдағы спорт мектебінің дәретханасы қазақстандықтардың жағасын ұстатты
Желіде Алматыдағы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің атыс алаңының жертөлесінде орналасқан дәретхананың суреті пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суреттер желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Пікір білдірушілер бұл жағдайды "ұят" деп атап, мектептің бюджеттен қаржыландырылатынына назар аударды.
"Бұл бюджет есебінен қаржыландырылатын №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің садақ ату тирінің дәретханасы. Бұл сурет Қазақстандағы бұқаралық балалар спортының жай-күйінің ең үздік көрінісі", – дейді фото авторы Алина Силкина.
Алматы қалалық білім басқармасы суреттегі оқ ату алаңы №21 гимназия ғимаратының жертөлесінде орналасқанын және оны мемлекеттік активтер департаментімен келісім негізінде №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі пайдаланып жатқанын мәлімдеді.
Қазақстанда 120 спорт түріне қаржы бөлу тоқтайды – министр
Сондай-ақ басқарма дәретхананы спорт мектебінің әкімшілігі орнатқанын, бірақ оны №21 гимназия оқушылары қолданбайтынын атап өтті. Спорт мектебінің кіреберісі негізгі мектеп ғимаратынан бөлінген.
Ал қалалық спорт басқармасы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің садақшыларын биылғы жылдың соңына дейін жаңа "Жас қанат" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне көшіру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін депутат "Арт-спорт" және "Даму бала" бағдарламаларын сынға алғаны туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді