Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Медеу мұз айдынында 16 жастағы қыз зорланды

16 наурыз күні Алматы қаласындағы Медеу мұз айдынындағы әжетханалардың бірінде 16 жастағы қыз зорланды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алматыдағы Медеу мұз айдынында 16 жастағы қыз зорланды

Күндіз орын алған бұл сұмдық оқиға полиция бөлімшесінің мұрнының астында болған.

«Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталды және қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қажетті тергеу іс-шараларыны мен тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр» - деп мәлімдеме жасады Алматы қалалық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Осы істің ақ-қарасын білу мақсатында Немолчиkz ұйымының мүшелері зорланған қызға емес, істі тергеушіге хабарласқандарын айтып отыр. Және таңданыстарын жасырмайды.

«Тергеушінің істі қалай жүргізіп жатқанына риза болдым. Әлем өзгеріп жатыр, жәбірленушілерге  деген полиция көзқарасы өзгергендей. Мен бұрын құқық қорғау орындарында адал қызметкерлер бар дегенге сенбейтін едім. Бірақ мына жағдай менің ойымды өзгертті», - деді өз эмоциясын жасыра алмай ұйым мүшелері.

"Осы істі өз жауапкершілігіне алған полиция қызметкеріне ерекше алғысын айтып,  «қоғамымызда шынайы патриоттар мен адамдық құрмет жоғалмапты. Бұл жемқорлық пен қылмыстың қараңғы торы қаптаған заманда бір жарық сәуледей болды. Біз зардап шегуші қызбен де хабарластық. Ол жалғыз емес, қиындықты жеңе алады. Бастысы әділ төрелігін айтатын тергеуші бар»,-дейді Немолчиkz ұйымының белсенділері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау