Алматыдағы лаңкестік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КАМАЗ көлігін басып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты.
Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды. Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні Өжет ықшам ауданында ұстады.
Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы "Сайга" мылтығы тәркіленді.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн