Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қоқыс полигоны өртеніп жатыр: Көк түтіннің кесірінен көліктер жаппай соғылуда (видео)

Алматыдағы қоқыс полигонында тұтанған өрт жол апатына себеп болуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

түтін

Өрттен шыққан көк түтін түсірілген видеоны әлеуметтік желі пайдалануышалары жаппай таратуда. 

Бұл туралы облыстық ТЖД пікір білдірді. 

"2020 жылғы 10 маусымда сағат 14:26-да Алматы облысының ТЖД кезекші пультіне Іле ауданындағы «Алматы-Өскемен» тас жолының жанындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша өрт 3 га жерді шарпыған. Полигонның жалпы ауданы - 38 га. Соғып тұрған желде өрттің таралуына ықпал етуде. Қазіргі уақытта Алматы облысының ТЖД 16 өрт сөндірушісі мен 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, "АДК Таза– Әлем" ЖШС 30 жұмысшы және 2 техникасы көмекке келді. Жергілікті атқарушы органдардан 10 адам мен су таситын 2 бірлік тартылды", - делінген ресми хабарламада. 

Егер мәселе өршитің болса, қызыл алауды сөндіруге тікұшақ жұмылдырылады екен. 

Талқылау