Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде белгісіз әйел келушінің сөмкесін ұрлап кеткен (видео)

Әлеуметтік желіде Алматыдағы кинотеатрлардың бірінде болған оқиға қызу талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Theards қолданушысының айтуынша, түнгі сеанстан кейін оның құрбысы залда сөмкесін ұмытып кеткен. Олар небәрі 5 минуттан кейін қайта оралғанымен, сөмке орнында болмаған.
Кинотеатрдың бейнебақылау камераларын қарау барысында шамамен 30–35 жастағы әйелдің сөмкені байқап, жан-жағына қарап алған соң, сөмкені шарфтың астына жасырып, залдан шығып кеткені анықталған.
“Оның жанында қызы да болған және болған жағдайдың барлығын көрген. Арыз жаздық. Балаларды кішкентайынан осылай “тәрбиелейді”, – деп жазды желі қолданушысы.
Желідегі жазбаға қатысты Алматы қалалық полициясы пікір білдірді.
“Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген хабарламада.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"