Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда журналист қызды тұншықтырып қоя жаздаған

Бұзақылар журналист Алима Пардашеваны тұншықтырып, Алматыдағы барлардың бірінде оның смартфонын ұрламақшы болған. Журналист зардап шеккен жалғыз мен емес дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

журналист

Алима Пардашева оқиға кешкі уақытта болғанын айтты. Барда отырған оған өзін мекеменің күзетшісі ретінде таныстырған ер адам жақындаған.

"Өз каналымның мерейтойын атап өткіміз келді. Досыммен бірге көшеге шықтым, содан кейін бейтаныс адам жанымызға келді. Ол өзі туралы айта бастады, кенеттен менің телефонымды қалтамнан шығарды. Мен тез әрекет етіп, оны қайтарып алдым. Неге мұндай әрекетке барғанын, не үшін тонап жатқанын сұрай бастағанда, балағат сөздер айтты. Тіпті, мені жерге құлатып, тұншықтыра бастады", - дейді Алима.

Қыз жандауысы шығып көмек сұраған. Алайда отырған мекеменің күзеті болған жоқ, дейді Алима Пардашева. Оны құрбысы мен өткінші куәгерлер құтқарып қалған. Бұзақы қорқып, оқиға орыннан табанын жалтыратқан. Бойжеткен Медеу аудандық полициясына арыз жазған.


"Басында полиция менің жағдайымды тіркегісі келмеді. Кейіннен барлық камераларды тексереміз деп уәде берді", - деді Алима.

Сонымен қатар, журналист бұзақының жалғыз құрбаны емес екенін анықтаған.

"Біз полиция департаментінде сол барда iPhone ұрлатып алған жігітті жолықтырдық. Оны да тұншықтырып, есінен тандырып кеткен", - деп қосты Пардашева.

Осы іске қатысты Алматы полициясы пікір білдірді.

"Аталған факті "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Дереу тергеу-жедел тобы құрылды, оның әрекеттері күдіктінің жеке басын анықтауға, оны ұстауға және істің басқа мән-жайларын анықтауға бағытталған", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Талқылау