Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті (видео)
Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті. Желіде оқиға кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видео кадрларынан оқиға орнында жедел жәрдем көлігі кезекшілік етіп тұрғаны көрінеді. Ал оқыс оқиға орын алған жер қоршауға алынған.
ТЖД мәліметінше, қалада №32 бағыттағы жолаушылар автобусы өртенген. Өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына сағат 06:53-те жетті. Бұл кезде автобус өртеніп жатқан. Ішінде адамдар болған жоқ. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады. Жүргізуші өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан. Сондықтан өрт үдеп кеткен», - дейді ТЖД-ның баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сөндіруге жалпы саны 11 өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06:57-де ауыздықталып, 07:04-те сөндірілді.

Талқылау
"Негізгі айғақ – бір-бірімен хат алмасуы": Атыраудағы Яна Легкодимованың өлімі туралы шындықты ашқан тергеуші істің хронологиясын айтып берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"