Алматыда жер сілкінгеннен кейін 156 нысанның бүлінгені туралы өтініш түскен
4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін Алматыда әлеуметтік нысан мен көппәтерлі тұрғын үйлердің бүлінуіне қатысты 156 өтініш түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер дүмпуінен 156 ғимарат зақымдалса керек.
Халықты қабылдау пунктеріне 102 адам жүгінген, оның ішінде 43-і – балалар.
Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету обьектілері, сондай-ақ әуежай, теміржол вокзалдары мен метро штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Алматыдағы барлық халықты қабылдау пунктерін Яндекс карталарында сілтеме бойынша немесе іздеу жолағына "Алматыда халықты қабылдау пунктері" деп теру арқылы табуға болады.
Айта кетейік, ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес жер сілкінісінің Алматыдағы күші 5 балға тең болған. ТЖД қауіпсіз болып саналатын университет пен мектептен не себепті оқушыларды үйіне қайтарып жібергенін түсіндірген еді.
Миллиардтаған қаржы жұмсалған Н.Сац атындағы театрдың эскиз жобасы бастапқы үлгісінен өзгертіп жіберген
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, яғни жоба қайта келісілді деген сөз"
"Өлімнен хайп жасағандар": Мадинаның қазасын трендке айналдырғандар қазақстандықтардың ашуына тиді
Жас келіншектің артында сегіз айлық сәбиі қалды
