Алматыда жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысында басталады
Алматыда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау сәуірдің екінші жартысында басталады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе егу пункттері тек емханаларда ғана емес, ірі сауда орталықтарында да ашылады. Сондай-ақ, мобильді пункттердің жұмысы да ұйымдастырылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы әкімі қалада коронавирустың үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді.
Одан бөлек, Сағынтаев Алматының карантинге жабылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)