Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүргізуші жүк көлігінен секіріп кеткен: Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды (видео)

Тежегіші істен шыққан жүк көлігі үш машинаға соғылып, жаяу жүргінші әйелді қағып, бірнеше кедергілерді бұзып, жеке меншік аумаққа кіріп тоқтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп

Жол апаты Алматыда Дулати көшесінде, Ғаламат шағынауданында бұрылыстың жанында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі Дулати бойымен солтүстікке қарай кетіп бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автомобильдің тежегіштері істен шыққан. Артынша көлік бар жылдамдықпен Nissan Maxima-ға соғылған.

Дулати көшесінде жүк көлігімен болған апаттан зардап шеккен жеңіл көлік
соққыдан кейін жүк көлігін басқару мүмкіндігі жоғалғанын түсініп, оның жүргізушісі қозғалыс кезінде кабинадан секіріп кетті, ал көлік қозғалуды жалғастырды.

Шетке шыққан Nissan қарсы келе жатқан жолақтан өтіп, тұрақта тұрған Audi-мен соқтығысқан, ал жүк көлігі жолдың шетінде тұрған әйелді қағып, көшедегі жарықтандыру бағанасын, темір қоршауды, бірнеше ағаш пен трансформаторды бұзып, жекеменшік үйдің үстіне құлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті. Олар жүк көлігінің жүргізушісі, жаяу жүргінші әйел және Nissan Maxima жүргізушісі. Әр түрлі дәрежедегі жарақаттармен олардың барлығы медициналық көмекке ауруханаға жатқызылды.

Жүк көлігі метал үйіндісіне айналды және оны қалпына келтіру мүмкін емес. Апатқа кінәлілерді Алматы полициясы анықтауда.

Талқылау