Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда тәртіпсіздіктерге қатысқан 2400-ден астам ұсталды

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғаннан бері әртүрлі қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық комендатураның ақпаратына сәйкес, барлығы 79 атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.

"Лаңкестікке қарсы операция басталғаннан бері заңсыз акциялардың, тонаудың және басқа да қылмыстардың 2 402 қатысушысы ұсталды. Өткен тәулікте "102" пультіне барлығы 586 хабарлама келіп түсті", - деп хабарлады комендатурада.

Комендатураның колл-орталығына жедел әрекет етуді талап еткен азаматтардан 93 сигнал келіп түсті. Барлығы дерлік қарастырылған.

STAN.KZ
Сенбі, 15 Қаңтар, 2022 08:37
Талқылау