Алматы соты Қуат Хамитовтың бас бостандығын жарты жылға шектеді
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты аралас жекпе-жек спортшысы Қуат Хамитовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда спортшыға қатысты сот талқылауы аяқталды. Істі онлайн түрде қараған Алмалы аудандық соты Қуат Хамитовты кінәлі деп таныды.
"Сотталушы видеоларымен тұрғындарды билікке бағынбауға және қолданыстағы заңнаманы бұзуға шақырды. Сот Қуат Хамитовты кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды", - деді судья.
Үкім шығару кезінде қылмыстың сипаты мен қауіптілік дәрежесі, сотталушының жеке деректері, оның қылмысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы назарға алынды. Спортшы кінәсін мойындап, бұрын сотталмағандықтан, сот алты айға бас бостандығын шектеу туралы шешім қабылдады.
Бұған дейін Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан еді.
Еске салайық, былтыр қыркүйек айында Қуат Хамитов тікұшақтарға оқ атып, дезинфекциялаушыларды соққыға жығуды сұрады. Олар тағы да "халықты улай бастайды" деді спортшы.
Аталған мәлімдемесінен кейін спортшыны полиция тұтқындады. "Найман" бұл видеоны әзіл түрінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмегенін айтты. Спортшы ешкімді жаман қылықтарға шақырмайтынын атап өтті.
Кейін осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралды.