Алматыдағы сауда орталығының маңында өрт шықты
Желіде Алматыдағы "Алатау" сауда орталығының маңынан шығып жатқан қою қара түтіннің видеосы тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау ықшамауданында қойма өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14:48-де өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер жіберілген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 1400 ш.м. өрт оқшауланды.
"Жедел штаб құрылып, өртті сөндіру бағытында бірнеше учаске ұйымдастырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс қимылдарының арқасында көршілес қоймаларға оттың таралуына жол берілген жоқ", – делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында күнбағыс қабығы өртеніп, адамдар эвакуацияланғанын жазғанбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған