Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда сауда орындарының бірінен басы кесілген әйелдің денесі табылды

Алматыда сауда орындарының бірінен басы кесілген әйелдің денесі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде қапта оралған адамның кесілген басы табылғаны туралы ақпарат тарап көпшіліктің жағасын ұстатты. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

Ведомство мәліметінше 12 сәуір күні сағат 08:42-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылған. Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексеріп дененің табылғанын растады. Алайда мәйіттің басы кесілген болып шықты. Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.

“Оның жеке басы анықталды: 47 жастағы азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге   жатпайды”,- делінген хабарламада.

Талқылау