Алматыда 2,4 миллиард теңгеге сатылымға қойылған вилланың антикордың бұрынғы қызметкеріне қатысы бар-жоғы тексеріледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсч іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Ұлан Сарқұлов Алматыдағы 2,4 миллиард теңгеге сатылымға қойылған вилланың ведомствоның бұрынғы лауазымды қызметкеріне тиесілі екені жайлы ақпаратты тексеріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: krisha.kz
Ұлан Сарқұлов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде желідегі вилла сатылымы туралы хабарламаладан хабардар екенін айтты.
“Әрине, бұл хабарламаны көрдік. Алайда бірден айта кетейін, мұнда бірнеше заңнамалық мәселелер бар, тергеудің құпиялылығы да. Кейбірі бизнеспен шұғылданған, сондай-ақ жекеменшік құқығын да құрметтеуіміз керек. Оның үстіне ақпарат алдағы уақытта толық тексеріледі”, – деді Сарқұлов.
Антикор өкілінің айтуынша, вилла иесінің бұрынғы қызметіне қарамастан құқықтық баға беріледі.
Еске салайық, бұған дейін “Выход к морю” Telegram-арнасы Антикор басшысының бұрынғы орынасарының отбасы құны 2 миллиард теңгеден асатын вилланы сатылымға қойғанын жазған. Вилланың аудағы 1100 шаршы метр, Іле Алатауы баурайындағы элиталы коттедж қалашығында орналасқан.