Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда пошташылар жалақының аздығына байланысты наразылық білдірді

Алматыда "Қазпочта" қызметкерлері жалақының аздығынан жұмысқа шығудан бас тартып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.

Желілерде тараған видеоларда пошташылар айлықтарының 40 мыңға да жетпейтіндігін айтып, жалақыны көтеруін талап еткен. Сондай-ақ жағдайға байланысты "Қазпочта" бөлімшелерінің жабылғаны атап өтілді.

"Қазпочта" баспасөз қызметі оқиға орнында Алматыдағы почта директоры Алтын Садықованың жұмысшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. "Қазпочта" АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев та осыған орай Алматыға ұшып келген. Желідегі тараған пошташылардың айлығы туралы ақпараттарды басшылық жоққа шығарды.

“Кейбір Telegram арналарында жарияланған жалақы мөлшері туралы деректер шындыққа жанаспайды. Мұнда төрт пошташы 0,3 мөлшерлеме, яғни толық емес жұмыс күні бойынш қызмет етеді. Жұмыс уақытының ұзақтығы айына 24 сағатты құрайды.

Қазіргі уақытта "Қазпочта" АҚ жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтіндердің саны 47 адамды құрайды. Бұл ретте компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізуге дайын және жағдайды реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды", - деп хабарлады Қазпочта.


Талқылау