AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда пошташылар жалақыларының ең төменгі күнкөріс шегіне де жетпейтінін айтып шағымданды

Павлодарда пошташылар жалақыларының ең төменгі күнкөріс шегіне де жетпейді дейді. Өткен жылдың қыркүйегінде жұмысшыларды штаттан алып, келісім шарт бойынша курьер қызметіне ауыстырған. Компания басшылығы мұның жұмыс сапасын арттыру үшін жасалғанын айтып сендірген. Сонымен қатар жалақының өсетінін де айтқан. Алайда уәде орындалмады дейді олар. Бұдан бөлек ақылы демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыздық қағазының төлемінен де қағылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

қазпочта

Павлодарлық пошташылар "Қазпочтаның" 46 жұмысшыны қысқартқанына наразы. Мұның орнына оларға келісімшарт бойынша курьер болып жұмыс істеуді ұсынған. Алайда жұмысшылардың табысы екі есеге қысқарған. 

"Газет 10 теңге, хат 50 теңге. Бұл алушыға табыстаған кезде ғана төленеді. Сонда жалақы 48-43 мың теңге айналасында болады. Бұл қаржыға біз жұмысқа барып келеміз. Бізді естісе екен дейміз. Еңбек өтілі есептеліп, ақылы демалыс пен уақытша еңбекке жарамсыздық қағазының төлемі төленсін", - дейді Павлодардағы №10 бөлімнің курьері Светлана Котова. 

Ондаған пошташылар басшылықтан бұрынғы жалақы жүйесін қайтаруды сұраған. Олардың сөздерінше, басшылары мұны елемеген екен. Осыдан кейін қызметкерлер депутаттардан көмек сұрай бастаған. 

Nur Otan патриясының мүшелері қызметкерлер мен жұмыс берушіні кездесуге шақырған. "Қазпочта" облыстық бөлімінің басшылығы пошташыларды келесімшарт негізінде жұмысқа ауыстырудың пилоттық жоба екенін және қазір 17 қалада іске асып жатқанын мәлімдеген.

"Жоба жұмысшыларымыздың табысын арттыруға бағытталған және қазір кірістің әлдеқайда өскенін көріп отырмыз. Олар жеткізген хат немесе газеттің санына қарай ақы алады. Мұны әділ деуге болады. Жұмысшыларға қалай жұмыс істегеніне қарай ақы төленеді. Сонымен қатар директор өз жұмысшыларына талаптарын "Қазпочта" орталық аппаратына жеткізуге уәде берді", - деп мәлімдеді "Қазпочта" АҚ Павлодар облыстық бөлімінің директоры Ерік Алипов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр