Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"60 мың теңгеден аз": Қарағандыда пошта қызметкерлері жалақының мардымсыздығына наразылық танытуда

Қарағандыда пошташылар жалақының аздығына наразылық танытуда. Айтуларынша, олар мемлекеттік әлеуметтік пакеттен де айырылған. Наурыздан бері бұл мәселені көтеріп жүрген қызметкерлер еңбек демалысы мен ауру бойынша демалысқа шығу құқығын сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар порталына сілтеме жасап.

Қазпошта қызметкерлері алғашқы ереуілді наурыз айында ұйымдастырған. Алайда басшылық мәселені шешуге сол кезде уәде берген. Содан бері ештеңенің өзгеріссіз екеніне наразы қызметкерлер жалақының тіпті үнемдегеннің өзінде азық-түлікке жетпей жататынын айтады.

"Қазпоштада" 30 жылдан аса еңбек еткен әйелдер мемлекеттік штаттан шығарылып, қызмет көрсету шартына ауыстырылғаннан соң, әлеуметтік пакеттен де айырылғандарын айтады. 

“Айлық жалақымды 60-тан аз аламын. Қыздар сияқты ұйымым жоқ, хат аз. Газет небәрі 10 теңге тұрады. Ал сол газетті тарату үшін кем дегенде 180 теңге жұмсау керек. Қарап тұрсақ, біз керісінше шығынға батып жүрміз”, –  деді жаяу курьер Светлана Чиркова.

“Бізде тәулігіне 2,5 теңгедей шығады. Қосымша газет 10 теңге, хат тасымалдасақ – 75 теңге. Егер біз оны бірінші рет бермесек, 50 теңге аламыз. Ең болмаса ауру бойынша демалыс пен кем дегенде екі апталық еңбек демалысын берсе дейміз”, – деді жаяу курьер Елена Новикова.

Пошта қызметкерлерінің жалақысынан салықты, зейнетақы жарналарын және медициналық сақтандыруды 21 пайызға ұстайды. Бұған дейін жазғы-қысқы аяқ киім, киім-кешек, ғаламторға қосылған телефондармен қамтамасыз етілсе. Қазір барлығы өз есептерінен. Еңбек демалысы мен ауру демалысы да төленбейді.



Наурыз айында бірнеше қаланың қызметкерлері үш күн бойы жұмысқа барудан бас тартып, ереуілге шыққан.

Оларға жалақыны көбейтеміз деп уәде берді, бірақ, әйелдердің айтуынша, ештеңе өзгермеген. Олар еңбек инспекциясы басқармасына да жүгінген. Бірақ жаңа келісімшартқа өз еркімен қол қойылғандықтан, көмектесе алмайтындарын жеткізген. "Қазпошта" басшыларының айтуынша, хат-хабар аз болғандықтан, пошташылардың барлығы емес, шеткері жерлерде жұмыс істейтіндер ғана шағымданады. Қалалық жерлердегі қызметкерлер тіпті 400 мың теңгеге дейін айлық алатынын жеткізді.

“Ақпан айында курьерлік қызметке ақы төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Тауарлардың жекелеген түрлерін жеткізу тарифтері 20-дан 50%-ға дейін көтерілді. Сонымен қатар кепілдендірілген шығу төлемі өсті. Өйткені тауарлардың көлемі ай сайын өзгеруі мүмкін”,- деді "Қазпочта" АҚ Қарағанды ​​филиалының директоры Мүсіреп Хасенов.

Басшылық қызметкерлердің барлық шағымдары сарапталып, олардың мәселелерін шешу үшін компанияның орталық аппаратына ұсыныстар жіберілетініне сендірді. 

Талқылау