"Басшылық жалақыны көтергісі келмейді": Қарағанды облысында шахтерлер ереуілге шықты
Қарағанды облысының Шет ауданындағы "Нова цинк" ЖШС "Ақжал" кенішінің кеншілері жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Жалақы көп жылдар бойы бұрынғы деңгейде қалып отыр. ЖШС басшылығы еңбекақыны көтергісі келмейді. Жұмысшылардың бәрінде отбасы, балалар, несиесі бар, қша жетпейді", – дейді жұмысшылар.
Жұмысшылар бұдан бөлек тозған жабдықтарға, жеке қорғаныс құралдарының жетіспеуіне де шағымданды.
Шет ауданы әкімінің міндетін атқарушы Дәурен Қарсембаев кеншілермен әңгімелескен. Олардан жұмыс орнына баруды сұрап, кәсіпорын басшылығымен келіссөз жүргізуге уәде берді. Сондай-ақ келіссөздерге аудан прокуроры Елдос Жаппар қатысып отыр.
Әкімдік 20 шілде күні кешке ереуіл аяқталғанын хабарлады.
"Келіссөз жүргізілді, ұйымдастыру мәселелері бойынша келісімдер бар. Қалған мәселелер 3 тамызға дейін шешіледі", – деп хабарлады әкімдік.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген