Алматыда Назарбаев қорына қатысы бар мектептің 1-сынып оқушысы зорланды: Полиция тергеуді бастады
Алматының беделді мектебіндегі бірінші сынып оқушысының зорлану фактісі бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы полиция департаменті тергеу басталғанын мәлімдеді.
"Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда", – деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Қылмыстық іс ҚК 121-бабының 3-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша қозғалды.
"Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады полиция қызметкері.
Алматы халықаралық мектебі Нұрсұлтан Назарбаев қорының құрылымында жұмыс істейді.
Бұған дейін желіде Алматыда мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"