Алматыда Lenovo компаниясының директоры жоғалып кетті
Алматыда Lenovo компаниясының директорларының бірі Ермек Жәкіпжанов жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Іnstagram.com/yermek
Жоғалмас бұрын ер адам әдеттегідей жұмысқа кеткен. Бұл оқиға 9 қазан күні шамамен 07:30-да болған.
Жәкіпжанов Hyundai Genesis көлігімен жүрген. Ер адамды іздеумен Алматының "LIDER.KZ" еріктілері айналысып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кеткенін жаздық. 17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Максим Объедковтың бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинс шалбар, көк спорттық аяқкиім, басына қара қалпақ киіп, шығып кеткен.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады