Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құрылыс салушыларға қауіпсіздікті сақтамағаны үшін айыппұл салынады

Алматылық құрылыс салушыларға қауіпсіздік техникасын сақтамағаны үшін айыппұл салынады. Бұл туралы қалалық бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір қала бойынша құрылыс нысандары тексерілуде.

"Қала әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстарының барысын бақылау күшейтілді. Бірінші кезеңде салынып жатқан барлық 84 көппәтерлі тұрғын үй кешені бірқатар критерийлер бойынша тексеріледі. Анықталған бұзушылықтар бойынша жою туралы ескертулер берілді. Құрылыс салушылар жұмыстың бір бөлігін жұргізді, мәселе бақылауда", - деді басқармада.

Ведомствода бұған дейін ӘҚБтК-нің 312-бабы бойынша Investment Building Company, "Самұрық, Барлас құрылыс", Sheberbuild, Exclusive construction, "Риголит", Salavat stroy, "Диал-строй", "АСИ-строй", Asia Stroy-ST, Kaz Engineer system, "Крафтин строй", Nest stroy, Energy art stroy, "Жаннат Строй", "Сонита Строй" және басқалары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Қауіпсіздік техникасы бойынша құрылыс кезінде нысандар қоршалуы тиіс, жұмыстың түрлі кезеңдерінде тіректер, қорғаныс торлары, қорғау-ұстау жүйесі пайдаланылуы тиіс. Құрылысшылар өз кезегінде арнайы киіммен, оның ішінде сақтандыру-қауіпсіздік белдіктерімен қамтамасыз етілуі тиіс", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Талқылау