Алматыда контрафактілі бөлшектердің қоймасы анықталды
Алматыда Toyota, Lexus, Hyundai және Honda көліктеріне арналған контрафактілі бөлшектердің қоймасы анықталды. Заңсыз тауарлардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгеге тең, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда ұйымдасқан топ контрафактілі автобөлшектерді белгілі бренд ретінде Қазақстан бойынша сатып келген. Жедел шаралар нәтижесінде контрафактілі бөлшектердің қоймасы анықталып, құны 1,8 миллиард теңгеге тең тауарлар тәркіленді", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
"Анықталғандай контрафактілі тауарлар танымал брендтердің қорабына салынып, Қазақстандағы автокөлік базарларына таратылған. Шара нәтижесінде 106 мың контрафактілі бөлшек тәркіленді. Қазір іс сотта қаралып жатыр", – деп қосты ведомстводағылар.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар