Алматыда қай күндері көлік тұрағы тегін болады?
Алматыда 21 және 22 наурызда тротуарлардың жанындағы көлік тұрақтары тегін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Наурыз мерекесіне орай 21 және 22 наурызда қаладағы барлық тротуарлық көлік тұрағы тегін болады. Алаңдық тұрақтар бұрынғы режимде жұмыс істейді. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз, бейбітшілік пен өркендеу тілейміз", - делінген A-Parking баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Наурыз мейрамы кезінде ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"