AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жылу электр орталығындағы апатқа байланысты шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы жылу электр орталығындағы апаттан кейін облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқаев

"Бүгін таңертең президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылуэлектр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады", - деп жазды БерікУәли.

Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген.


Петропавлдағы жылу құбырының құлауы: Оқиғаның алдын ала себебі аталды


Компания басшысы – жылуэлектр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.

"Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды", - дейдіУәли.

Айта кетейік, 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлаған еді. 

ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр