AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлдағы жылу құбырының құлауы: Оқиғаның алдын ала себебі аталды

Кеше Петропавлда 150 метрлік жылу құбыры құлаған еді. Құтқарушылар оқиғадан кейін машинистердіңғ бірін іздестіріп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның алдын ала себебі де аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

құбыр

"Жылу электр орталығында барлық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Әзірге бір машинистің қайда екені белгісіз, іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

ЖЭО-2-ге облыс прокурорының тапсырмасымен құрылған жедел-тергеу тобы жіберілді. 

"Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Жылу құбырының құлау себебін анықтау үшін арнайы мамандар тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп түсіндірді. прокуратурадағылар. 

"Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, ЖЭО-2 қызметкерлерін түгендеп жатыр. Құбырдың шаммен жартысы құлаған, маңындағы құрылыстар зақымдалған. Қазгидрометр 9-17 метр секундына жететін жел жайлы ескерткен жоқ, сондықтан құбыр құлап кетті. Бұл – оқиғаның алдын ала себебі", - деп мәлімдеді Петропавл әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Қала жылудан ажыратылмаған, Энергетика министрлігінің мәліметінше, төмендетілген негізде жылу берілуде. Қосымша қазандықтарды іске қосуға дайындап жатыр.

Айта кетейік, 20 наурызда Петропавлда ЖЭО-2 жылыту құбыры құлаған еді. Ақпаратты "Севказэнерго" компаниясы растаған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр