Петропавлдағы ЖЭО-2-де 150 метрлік жылу құбыры құлады
Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш түтін құбырының бірінің мұржасы құлады. Ақпаратты "Севказэнерго" баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Компания өкілдері станцияда барлық жедел әрекет ету қызметтері, өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқанын, адамдар шақырылып, зардап шеккендер бар-жоғын анықтайтынын айтты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге 2-ЖЭО-дан зардап шеккендер қалалық ауруханаларға түспегенін хабарлады. Оқиға орнында жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп жатыр.
Құбырдың құлағаны туралы хабарлама сағат 19:20-да келіп түскен.
Түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілді. Оның биіктігі – 150 метр, салмағы – бірнеше мың тонна. 2016 жылы жөнделген.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген