Алматыда Наурыз мейрамы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер Наурыз мейрамына орай демалыс күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мейрам 21 наурыздан 23 наурызға дейін тойланады, бірақ қазақстандықтар 5 күн демалады. Наурыз – көктемнің басы, жыл басы. Бүкіл әлемнің оянатын мезгілімен байланыстыратын ең ұлы мерекелерінің бірі.
Қазақстанда мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады, бірақ 19 сенбі мен 20 наурыз жексенбі күнін есепке алғанда, демалыс 5 күнге созылады.
Синоптиктер мегаполис тұрғындары үшін осы күндері ауа райының алдын ала болжамын дайындады.
Сенбі, 19 наурызда күн бұлтты, қар жауады, күндіз +1, түнде 0
Жексенбі 20 наурызда қар жауады, күндіз 0, түн -2
Дүйсенбі 21 наурызда күн бұлтты, күндіз +2, түнде -2
Сейсенбі 22 наурызда күн жаңбырлы, күндіз +6, түнде -1
Сәрсенбі 23 наурызда күн бұлтты, күндіз +6, түнде -1.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған