Алматыда конвой көлігінен қашып кеткен тұтқынның суреті жарияланды
Алматы қаласының полициясы автокөлік конвойынан қашып кеткен азаматтың фотосуреті мен деректерін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматы қаласының полициясы 1996 жылы туған Аубакри К.Е. азаматты іздестіріп жатыр. Ол өткен кеште конвой автокөлігінен қашып кеткен. Іздестіріліп жатқан адамның белгілері: бойы – 165-170 сантиметр, арық денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисайған", – делінген хабарламада.
Қашқынның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты барларды келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:
- 8-701-758-67-60;
- 8-778-158-54-44;
- 254-40-42 немесе 102.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткені айтылды. Кейін ол туралы толық ақпарат шығып, аты-жөні, жасы, мекенжайы көрсетілді. 25 қазанда қашқын ұсталды.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген