AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, кейін азапталған азаматқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жараланып, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған Саят Әділбекұлының ісі жабылды. Бұл жөнінде журналист, белсенді Динара Егеубаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саят Адилбек

Егеубаеваның айтуына, Саят Әділбекұлын ауруханадан алып кеткендер де, заңсыз ұстап, азаптағандар да жазаға тартылмаған.

"Демек күресімізді жалғастырамыз. Әлі де айыбы алынбағандар көп. Бастысы, қаңтар жайында үнсіз қалмау және естен шығармау. Бұл жолы билік әрбір азамат үшін жауап беруі тиіс", - деп жазады журналист.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желіге Алматы прокуратурасының шығарған қаулысын қоса жариялаған.



"Қылмыстық іс аясында 09.08.1992 жылы туған Әділбекұлы Саятқа қатысты іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың бар-жоғына дәлелдемелердің болмауына байланысты Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 2-бөлігінің 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылсын", - делінген құжатта.

Еске сала кетейік, Саят қаңтар оқиғасы кезінде қызына дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға барар жолда оқ жарақатын алған. Ер адам ауруханаға жансақтау бөліміне жатқызылады, алайда оның жағдайының ауырлығына қарамастан ол жерден алып кетеді. Адвокаттардың араласуынан кейін Әділбекұлы бостандыққа шығып, тергеу изоляторында болған кезде күш құрылымдары тарапынан көрген азаптаулары жайында айтып келген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр