Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды

63 жасында алғаш ана атанған әйел
Фото: tiktok.com/@natiq.maharamovv

Бакуде 63 жастағы әйел алғаш рет ана атанды. Ол 40 жыл бойы сәби сүйе алмай келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны медицина ғылымдарының докторы Натиг Магеррамов әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Дәрігердің айтуынша, әйел дені сау нәрестені табиғи жолмен дүниеге әкелген.

“Алланың қалауымен ем-домымызды жүргізіп, 63 жастағы пациентіміз ұзақ жыл күткен сәбиін қолына алды. Алла оны аман қылсын. Еміміз зая кетпей, осындай игі істің бастауында тұрғанымыз үшін Аллаға мың да бір шүкір”, – деп жазды ол.

Бұл жаңалық желі қолданушыларын әсерлендіріп, көпшілік ана мен сәбиге ақ тілегін жаудырды.

Сәбидің жынысы әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған видеода қуаныштан көзіне жас алған ана нәрестені қызғылт түсті көрпеге орап, бауырына басып отырғаны көрінеді.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны “көп жылғы үміттің ақталған сәті” деп бағалап, 63 жаста ана атанған әйелдің қуанышына ортақтасып жатыр.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 30 Маусым, 2026 16:50