Жезқазғанда жас мемлекеттік қызметкерлер арасында “АнтиПараКвест” зияткерлік сайысы өтті

Жезқазған қаласында жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "АнтиПараКвест" атты танымдық квест-квиз ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлы Ермаханбетов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкерлер арасында адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білімдерін сынап, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, логикалық сұрақтарға жауап берді және өз жобаларын қорғады. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында адалдық, әділдік және заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыс қорытындысы бойынша:
- І орын – "Дара" командасы;
- ІІ орын – "Әділет" командасы;
- ІІІ орын – "Болашақ бағдары" және "Smart Jez" командалары.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жас мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.
Астанада ойын орталығында 4 жасар бала тоқ соғып жарақат алды: Анасы орталықты тексеруді талап етті