Парламент тараған соң бірнеше шенеунік қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Президент өкімі мен жарлығына сәйкес екі лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент өкімімен Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Кадрлық өзгерістер Парламент жұмысына қатысты саяси өзгерістерден кейін жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін төрт жыл бойы мемлекеттік кеңесші болған Ерлан Қарин жаңа қызметке ауысқаны хабарланған еді. Ол Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Қарин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Қазақстандық әйел қызының балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түскенін айтты
Анасы: "Инфекция баламның бүйрегін зақымдап жатыр"
Бурабайға шомылуға барған отбасы тері ауруын жұқтырған: Дәрігер қазақстандықтарға ескерту жасады
Дәрігер: "Бала ойда-жоқта қасып, басқа адамдарды ұстаса ауру одан әрі жұға береді"
Оқыңыз